Басқа

Нұр-Сұлтанда бұрынғы Мәдениет және спорт министрінің соты басталды

Нұр-Сұлтанда бұрынғы Мәдениет және спорт министрінің соты басталды

Нұр-Сұлтанда экс-Мәдениет және спорт министрі, ҚР Ұлттық музейінің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу процесі басталды, деп жазады Prosports.kz.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысы БАҚ-қа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» бабы бойынша шектеумен онлайн режимінде өтуде - журналистер сотқа кіре алмайды, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан.

Еске салайық, үстіміздегі жылдың 28 мамырында соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынған болатын. Оған мемлекет ақшасын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету бойынша Ұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D моделін жасау» жобасын жүзеге асыру барысында 1,2 млрд теңгенің ұрлығына жол берілгенін хабарлады. Жұмыстың нақты құны 83,4 млн теңгені құрады.

Үстіміздегі жылдың шілде айының басында Антикордың бұрынғы министрге қатысы болуы мүмкін мемлекеттік кәсіпорынның ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығаруға қатысты тергеуді бастағаны туралы ақпарат пайда болғанын еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0