Қазақстандық спортшылар дүниежүзілік ойындарда топ жарды

Қазақстандық спортшылар дүниежүзілік ойындарда топ жарды

1 алтын, 2 күміс және 1 қола. Қазақстандық спортшылар дүниежүзілік ойындардан осындай олжамен оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсеке АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен еді. Оған бас-аяғы 16 спортшымыз аттанып, 4-еуі жүлдеге ілікті. Соның арқасында жалпыкомандалық есепте 37-сатыға тұрақтадық. Ел намысын қорғаған спортшыларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды.

Атап айтқанда, жерлестеріміз арасынан каратэші Софья Берульцева жарыс жеңімпазы атанды. Токио олимпиадасында қола алған қазақстандық қыз бұл жолы барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Бұдан бөлек, жжиу-джитсуда қазақстандық Галина Дуванова және муай-тайда Алмаз Сәрсембеков финалда ғана сүрініп, күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ спорттық акробатикадан Даниэль Диль мен Вадим Шуляр жұбы үздік үштікті түйіндеді.

Сергей Вертякин, спорттық акробатика бойынша жаттықтырушы:

– Дүниежүзілік ойындардың орны бөлек. Өйткені бұл олимпиадалық емес спорт түрлерінің ең негізгі бәсекесі. Осы жолғы жүлдемізді 18 жыл бойғы жұмыстың жемісі деуге болады. Менің шәкірттерім бұған дейін Азия және Әлем чемпионаттарында топ жарды. Енді қоржынымыз Дүниежүзілік ойындардың медалімен толығып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или