Әлем чемпионы атанған қазақстандық желаяқ Нора Джеруто қанша сыйақы алады

Әлем чемпионы атанған қазақстандық желаяқ Нора Джеруто қанша сыйақы алады

Қазақстандық желаяқ Тануи Нора Джеруто әлем чемпионатындағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Әлем біріншілігінде топ жарған спортшылар ұйымдастырушылар тарапынан 70 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. 

Бұдан бөлек Нора Джеруто әлем чемпионы атағын жеңіп алған үшін Қазақстан тарапынан белгіленген 15 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі сыйақыға мүдделі. 

Осылайша, Нора Джеруто әлем чемпионатындағы жеңісі үшін 85 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алады.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тағы әлем чемпионатында Нора Джеруто 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруде жеңіске жетіп қана қоймай, рекорд жаңартқан еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0