Теннис

Командалық жарыста рейтинг шешуші рөл атқармайды - Ярослава Шведова

Командалық жарыста рейтинг шешуші рөл атқармайды - Ярослава Шведова

Қараша айында Шотландияның Глазго қаласында өтетін командалық әлем чемпионатына Қазақстан әйелдер құрамасы қатысады. Құрама капитаны Ярослава Шведова осы жарыстан не күтетіні жөнінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар С тобында Ұлыбритания және Испания құрамасымен сынға түседі. Я.Шведованың айтуынша, қай команда да осал емес.

«Ұлыбританиялықтар өз алаңында өнер көрсететіндіктен, барын салары сөзсіз. Испаниялықтар да мықты қарсылас. Дегенмен біздің құрам олармен иық теңестіре алады. Қарашаға дейін біраз уақыт бар, кімдердің баратыны жөнінде айтуға әлі ертерек. Қайткен күнде де күшті құраммен барып, топтан озып шығу ғана емес, әлем чемпионы болуды мақсат етеміз. Командалық жарыста рейтинг аса маңызды емес. Сондықтан кім-кімнің де табысқа жету мүмкіндігі бар. Ең бастысы, кім жақсы дайындалып, бабында барса, сол жеңеді. Біздің мақсатымыз да осы», - деді Шведова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Бейбіт Жукаевтың әлемдік рейтингіде жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0