«Жеңіс бар жерде әрқашан жеңіліс болады»

«Жеңіс бар жерде әрқашан жеңіліс болады»

29 шілдеде Алматыда OCTAGON лигасының кезекті ивенті өтеді.

O33 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы ұйымның бос чемпиондық белбеуіне Нұрбек Тәжібаев (5-1) пен Мәжит Сардаров (4-0) күш сынасады.

Prosports.kz тілшісі шымкенттік файтер Нұрбек Тәжібаевпен хабарласып, алдағы чемпиондық мүмкіндігі туралы пікірін білді.

– Нұрбек, сізге жеңіл салмақта лиганың чемпиондық белбеуі үшін таласуға мүмкіндік бұйырды. Бұл сізге тосынсый болды ма?

– Жоқ, біз бұл жекпе-жекті күттік, өйткені біздің мақсатымыз OCTAGON лигасының белбеуін жеңіп алу болатын.

– Қарсыласыңыз Мәжит Сардаров болады. Ол туралы не білесіз және сіздің ойыңызша ол қаншалықты мықты?

– Қарсылас - жеңілмеген мықты файтер. Біз оның кейінгі жекпе-жектерін көріп, жақсы дайындалдық.

– Сіздің ойыңызша, жекпе-жектің фавориті кім?

– Бұл жекпе-жектің фаворитін атай алмаймын. Кездесуде бәрі анықталады.

– OCTAGON лигасында Достон Бозоровтан жеңіліп қалдыңыз. Кәсіпқой ретіндегі алғашқы сәтсіздіктен кейін көңіл-күйіңіз қалай болды?

– Ешқандай ренішім жоқ, өйткені жеңіс бар жерде әрдайым жеңіліс болады.

– Сол жеңілістен қандай қорытынды жасай алдыңыз?

– Жеңіліс жаттығуға көбірек уақыт бөлуім керегін анық көрсетті.

– Алдағы жекпе-жекте шешуші рольді не атқаруы мүмкін?

– Мұны тек жекпе-жекті көрсетеді.

– Қарсыласыңызға қандай тосынсыйлар дайындап жатырсыз?

– 29 шілдеде келіңіз, сонда бәрін көресіз.

– Жекпе-жек алдында Сардаровқа қандай тілек айтар едіңіз?

– Оған сәттілік тілеймін.

– ММА-да қандай міндеттер қоясыз және UFC деңгейіне жету мақсаты бар ма?

– Бүгінгі басты мақсатым – OCTAGON лигасының белбеуін жеңіп алу.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.

Фото: Нұрбек Тәжібаевтың Инстаграм парақшасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или