Түркістанда «Тұран» ФК академиясы салынып жатыр

Түркістанда «Тұран» ФК академиясы салынып жатыр

Түркістан қаласында заманауи үлгідегі бірнеше спорт нысаны салынып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы спорт нысандарының құрылыс алаңын аралады. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, жұмыстың сапасына баса назар аударуды тапсырды.

Өңірде «Мұз сарайының» құрылысы жүріп жатыр. Әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Жаңа нысан жыл соңында ашылады.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202207/201131_5e67fb4690b1d4ea87b18e23c1125151.webp" /></picture>

Ел чемпионатында Түркістан облысының атынан бақ сынайтын «Тұран» футбол клубы академиясының іргетасы қаланып жатыр. Жаңа кешенде үлкен және шағын 10 футбол алаңы болады. Сондай-ақ нысанда допинг-бақылау кабинеттері, 300 орынды қонақүй, спортшыларға арналған монша, 3 мейрамхана, мәжіліс залдары бар. Сауықтыру орнында медициналық, массаж кабинеттері мен жеке блоктар бар.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202207/201131_63d9528e9d4b939ceb1365b1e06b4edc.webp" /></picture>

Елімізде теңдесі жоқ ескек есу каналына да су келді. Облыс орталығындағы спорт кешенінің құрылысы халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. Су спорты кешенінде ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын су арнасы салынды. Әмбебап оқу жаттығу базасында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізілмек. Құрылыстың екінші кезеңінде мұнда олимпиадалық стандартқа сай орталықта қонақүйлер, бассейн, эллинг, каноэге арналған пирстер, көрермендерге арналған жай, көпірлер салынады. Спорт кешенінде сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерінен сайыстар өтеді.

Сондай-ақ Түркістанда «Теннис орталығы», Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасы, Б.Саттарханов спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа спорт нысандары ашылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или