Юлия Путинцева Будапешттегі турнирдің ширек финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан WTA-250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың екінші айналымында Юлия бразилиялық Лаура Пегоссиді 4:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылды.
Ширек финалда Путинцева украиналық Леся Цуренкомен кездеседі. Кездесу ертең, 15 шілдеде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или