Қарағанды балуандары қарсылас шақ келтірмеді

Қарағандыда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Спартакиадасы аяқталды. Барлық өңірдің белді ба­луандарының басын қосқан жа­рыста 14 жүлделер жиынтығы са­рапқа салынды.

Ерлер арасындағы аса жеңіл салмақта Дархан Сержанов алдына жан салмады. Сыр бойының сайыпқыраны финалда татами қожайыны Арман Отарбаевтан басым түсті. Ақмолалық Серіктай Зәкетаев пен астаналық Жақсылық Мұ­сыр­манов қола медальдарды мойындары­на ілді. 66 келі салмақта Оңтүстік Қазақ­стан облысының оғланы Ғабит Есімбетов бас жүлдені қанжығасына байласа, қараған­дылық Жансай Смағұлов, аты­раулық Асхат Телманов және алма­тылық Ерасыл Сәкенұлы жүлдегерлер санатына қосылды.

73 келі салмақтың ақтық сынында жарыс иесі, 2010 жылғы дүниежүзілік жасөспірімдер Олимпиадасының же­ңімпазы Қайрат Ағабаев пен алматы­лық Нұрлыхан Сүйінбайдың жолы қиысты. Тартысты өткен бәсеке алғашқысының пайдасына шешілді. Оралдық Азамат Мұқанов пен қызылжарлық Әділ Әбді­рахманов үшінші орындарды иеленді. Осы дзюдошылар арасында ең тәжі­рибелісі Мұқанов екені сөзсіз. Ол – 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Желтоқсан айында Азамат жарақат алған болатын. Содан қанда­сымыз жарты жылдан аса уақыт емделді. Күні кеше ғана қатарға қосылған Мұқанов өзінің үйреншікті 66 келі салмақта емес, бұл жолы 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынауды құп көрді. Әйтпегенде бұл жігіттің өз салмағында бас жүлдені талассыз алатыны даусыз еді.

81 келі салмақ дәрежесінде Елдар Зәріпхановқа тең келер ешкім болмады. Шығыс Қазақстан облысының өкілі финалда павлодарлық Арман Ма­хам­бетовті жықты. Атырау мен Батыс Қазақстан өңірінен келген Сұңғат Закарияев пен Ерназар Хамзин үздік үштіктің қатарынан көрінді. 90 келі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев асқан шеберлік танытып, алтын тұғырдан қол бұлғады. Қызылордалық Мақсат Исаға­былов, оралдық Аңсар Хамзин және талдықорғандық Александр Касачев қола медальді мойындарына ілді.

100 келі салмақта алматылық Виктор Демьяненко дара шықты. Финалда ол Қызылжардан келген Сергей Пактың осал тұсын оңай тапты. Астаналық Тимур Болат пен ақмолалық Дархан Темірхан үшінші сатыға жайғасты. Ал алыптардың айқасы Ержан Шынкеевтің айқын жеңі­сімен аяқталды. Көптеген халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген Қараған­дының қара нары елордалық дзюдошы Айтуар Абдуловтан айласын асырды. Көкшетаулық Арман Әбеуов пен өске­мендік Талғат Әміренов қола жүлдегер атанды.

Әйелдер сайысында ең жеңіл салмақта Қазақстанның азаматтығын күні кеше алған моңғол қызы Галбадрахын Отгон­цэгцэг (Оңтүстік Қазақстан) алтыннан алқа тағынды.Бұған дейін елшілік жарыстарда алдарына жан салмай жүрген Меруерт Иманғалиева (Шығыс Қазақ­стан), Айгүл Байқұлова (Ақтөбе) және Ди­нара Ысқақова (Астана) сынды қан­дас­тарымыз бұл жолы күміс және қола жүлдені өзара бөлісумен ғана шектелді. Ал өзге салмақ дәрежелерінде мына спорт­шылар жеңімпаз атанды: 52 келі – Олеся Куценко (Маңғыстау), 57 келі – Назгүл Құбашева (57 келі), 63 келі – Ма­риям Орда­баева (Алматы), 70 келі – Ділбар Өмірәлиева (Қарағанды), 78 келі – Әлбина Аманкелдиева (Оңтүстік Қа­зақ­стан облысы) және +78 келі – Гүлжан Исанова (Шығыс Қазақстан облысы).

Командалық есепте 4 алтын, 3 күміс және 1 қола медальді қоржынға салған Қарағанды облысының балуандары бас жүлдені олжалады. Екінші және үшінші орындарды Оңтүстік Қазақстан облысы (3+1+2) мен Алматы қаласының (2+2+2) дзюдошылары иеленді.

baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или