Қанат Ислам кезекті кездесуіне дайындықты бастады

Қанат Ислам кезекті кездесуіне дайындықты бастады

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі кездесуін қайда өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Орта салмақтағы жерлесімізге Колумбия, Мексика немесе АҚШ-та кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен. Дереккөзге сәйкес, Қанат қазір АҚШ-тың Калифорния штатында жаттығып жатыр. Ол бұрынғы бапкері Роджер Романың қол астында шеберлік шыңдауға кіріскен. Орта салмақтағы былғары қолғап шебері соңғы рет ақпан айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласындағы бокс кешіне қатысқан еді. Қарсыласы ұлыбританиялық Джимми Келли болды. Нәтижесінде төрешілер шешімімен кейінгісі жеңіске жетті. Бұл – Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі бірінші жеңілісі.

Қазақстандық боксшы бүгінге дейін 29 жекпе-жек өткізіп, 28-інде жеңіске жетті. Оның 22-сі уақытынан бұрын аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или