Алматылық садақшылар Қазақстанда үздік атанды

Түркістан облысында садақ атудан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Чемпионатқа республиканың 7 облысынан 200-ден астам спортшы қатысты, олардың арасында көптеген халықаралық турнирлерге қатысқан кәсіпқойлар да бар.
Жалпыкомандалық есепте Алматы облысының садақшылары жеңіске жетті, олардың есебінде 19 медаль жиынтығы бар, екінші орында 13 жүлдемен Шымкент қаласының спортшылары орналасты, ал жүлдегерлердің үздік үштігін 10 медаль жиынтығын иеленген Батыс Қазақстан облысы түйіндеді.
Чемпионаттың ең беделді бағдарламаларында – ерлер мен әйелдер арасында классикалық садақ ату - бірінші орындарды Ильфат Абдуллин (Алматы облысы) және Алина Ильясова (БҚО) алды. Ал блоктық садақ атуда Бунед Мирзаматов (Түркістан облысы) және Айжан Сейдахметова (Алматы облысы) чемпион атанды. Жасөспірімдер арасында Жаңбырбай Дәулеткелді, Андрей Тютюн және т.б. атақты садақшылар жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары құрылып, шетелдегі жауапты халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын болады.