Рыбакина Уимблдон турниріндегі жеңісі туралы пікір білдірді

Рыбакина Уимблдон турниріндегі жеңісі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалында Онс Жабер жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Айтарға сөз жоқ. Матч алдында және матч барысында қатты қобалжыдым. Бәрі аяқталғанына қуанып тұрмын. Ешқашан мұндай сезімді бастан өткерген емеспін.

Екі апта бойы керемет қолдау көрсеткен көрермендерге алғыс айтқым келеді.

Әрине, Онсты да тамаша матч өткізгені үшін құттықтағым келеді. Сіз таңғажайып жетістікке жетіп, көп адамның сүйікті спортшысына айналдыңыз. Сізге қарсы өнер көрсету - адамға рахат сыйлайды. 

Шынымды айтсам, титулға қол жеткіземін деп ойлаған жоқпын. Қазіргі сәттегі қуанышымды айтып жеткізер сөзім жоқ.

Командам болмаса, мұндай жетістікке жете алмас едім. Оларға көп алғыс айтқым келеді. Жартылай финалда да, финалда да үлкен қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясының президентіне де көп рақмет. Бұл керемет қолдау болды.

Және, әрине, ең маңызды адамдар - менің ата-анам. Өкінштісі олар мұнда келмеді. Бірақ әпкем осында отыр.

Бәрінен маңыздысы туысқандарым. Оларсыз мен мұндай жетістікке жете алмас едім (көз жасына ерік берді)», – деді Рыбакина марапаттау рәсімінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или