«Сәттілік жолдас болмады». Кака ЧЛ негізгі кезеңінің жеребесін бағалады
Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» АФК бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака) Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребесін қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
- «Қайрат» үшін Чемпиондар лигасы жеребесінің нәтижесі туралы не айта аласыз?
- Маған жазып, қоңырау шалып, сәттілік тілеп жатыр. «Қайраттың» тобы өте мықты (франциялық «Спортинг», бельгиялық «Андерлехт» және испаниялық «Мальорка» - еск. Prosports.kz). Бұл топ негізгі емес, Элиталық кезеңге арналғандай. Бірақ не істей аламыз? Бізге осындай қарсыластар түсті, жұмыс істеп, олардың әрекеттерін талдаймыз.
Француздар мен бельгиялықтардың біз сияқты әрекет етуді жөн көретінін білеміз - қақпашы шабуылға жиі қосылады. «Мальорка» Испанияның вице-чемпионы. Жалпы, біздің топ оңай емес, бірақ біз бұған дайынбыз.

– Енді, дәл солай, тек «Аят» туралы айтып берсеңіз.
– «Аяттың» да қарсыластары өте мықты. Хорватияның екі командасы бар және бұл елдің клубтары жақсы дайындалған, оның үстіне олар өз алаңында ойнайды. Одан бөлек, әрине, таныстыруды қажет етпейтін «Спортинг». «Аятқа» тағы да португалиялықтармен кездесу «бақыты бұйырды», бұл жолы негізгі айналымда.
Менің ойымша, бұл жолы Қазақстан өкілдеріне жеребе жолдас болмады, жақсырақ болуы мүмкін еді (күлді). Бірақ біз өз күшімізге сенімдіміз, біз күресеміз. Алға, Қазақстан!
Фото: UEFA