Рыбакина Уимблдонда финалға шыққаны үшін миллиард теңгеден астам сыйақы алады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққаны үшін қанша қаражат алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 18-ракеткасы, румыниялық Симона Халепті 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан тарихында Үлкен Дулыға сериясындағы турнирдің жекелей сынында финалға шыққан алғашқы теннисші атанды.
Елена Рыбакина финалға шыққаны үшін 1 050 000 фунт стерлинг сыйақы алады. Ал жеңіске жетсе 2 000 000 фунт стерлинг жүлде беріледі. Финалға дейін қазақстандық теннисші 1 163 000 фунт стерлинг табыс тапты.
Финалда Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен (Тунис) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или