Рыбакина Уимблдон финалына шықты

Рыбакина Уимблдон финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 18-ракеткасы, румыниялық Симона Халепті 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат, 17 минутқа созылды.

Қазақстан тарихында еш теннисші Үлкен Дулыға сериясындағы турнирдің жекелей сынында финалға шығып көрмеген.  

Осылайша, финалда Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен (Тунис) кездеседі.

Айта кетейік, Симона Халеп 2019 жылы Уимблдон жеңімпазы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или