Жабер Уимблдонның финалына шықты

Жабер Уимблдонның финалына шықты

Тунис теннисшісі Онс Жабер Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Жабер Татьяна Марияны (Германия) 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.

Жабер карьерасында алғаш рет Үлкен Дулыға турнирінің финалисі атанды. Бұған дейін 27 жастағы теннисші Уимблдонның (2021) және Australian Open (2020) турнирінің ширек финалына шыққан болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или