Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

Қазақстандық Tukeshov Boxing Promotion промоутерлік компаниясы Tukeshov Boxing Event XVII кәсіпқой бокс кешін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Бокс кеші 20 шілдеде Алматыда өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта жастар арасындағы WBO чемпионы атағы сарапқа салынады, онда қазақстандық Нұрдос Төлебай (9-0, 7-КО) мен мексикалық Мартин Родригес (9-2, 7 КО) жұдырықтасады.

Андеркардта Тұрсынбай Құлахмет, ағайынды Рай мен Рахат Сейітжановтар, Талғат Шайкен, Виктор Коточигов, Айдос Медет, Нұрбол Сұлтанбай, Михаил Коханчик сынды қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или