Естановтың Мирзаевқа жіберген есесін Оспанов қайтара ала ма?

Естановтың Мирзаевқа жіберген есесін Оспанов қайтара ала ма?

Әскери самбодан екі дүркін әлем чемпионы, Alash Pride командасының спортшысы Арман Оспанов қыркүйек айында әйгілі ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

4 қыркүйекке жоспарланған ММА Alash Pride турнирі Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өтеді. Қазақ хандығының 550-жылдығына орай өткізілетін айтулы дода Ресей мен Қазақстаннан бөлек, бірнеше мемлекеттің спортшыларының басын қосады.

Турнирдің басты жекпе-жегі қазақстандық Арман Оспанов пен ресейлік Расул Мирзаев арасында өтеді. Alash Pride клубының өкілі Асхат Ерболатовтың айтуынша, бұл кездесуді өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Айта кету керек, Расул Мирзаев Қазақстанға бұған дейін екі рет келген еді. 2013 жылы Ержан Естановқа қарсы алғашқы кездесуде қазылардың шешімімен ресейлік спортшы басым түсті. Араға бір жыл салып, 2014 жылы қос мықты шаршы алаңда қайта кездесті, бұл жолы да Мирзаевтың мысы басым болды.

Ал Арман Оспанов бүгінге дейін ММА алаңында 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или