Әли Ахмедов Лос-Анджелесте жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) келесі жекпе-жегін 30 шілдеде Лос-Анджелестегі (Калифорния, АҚШ) Crypto.com Arena-да жекпе-жек өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы қазақстандықтың қарсыласы әзірше белгісіз. Boxrec.com порталының мәліметінше, кездесу он раундқа есептеліп, екінші орта салмақта өтеді.
Әли Ахмедов кейінгі жекпе-жегін былтыр 10 желтоқсанда өткізіп, мексикалық Пауль Валенсуэланы (27-11, 17 КО) нокаутпен жеңген болатын.
Фото instagram.com/ali_akhmedov_officialpage
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или