Роуч: «Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасады»

Роуч: «Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасады»

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч өз шәкірті автралиялық Дэниэл Гилді жеңген жағдайда мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасатынына сенімді. Ал, бұл жекпе-жектің жеңімпазы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсылас атануы тиіс дейді маман.

Котто мен Гил 6 маусым күні Бруклинде өзара мықтыны анықтайтын болады. Котто бұл жекпе-жекте өзінің WBC нұсқасы бойынша иеленген чемпиондық белбеуін қорғамақ. Ал, Геннад.ий Головкин аталған белбеуге негізгі үміткерлердің бірі.

"Мигель тынымсыз еңбектеніп жатыр, ол алдағы кездесуге толыққанды дайын. Гилды жекпе-жектің басында құлатып қоймай, біраз раунд жұдырықтасамыз деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, Мигель көптен бері рингке шықпаған, осы кездесуді пайдаланып қыздырынып аламыз деген ниеттеміз. Ал, одан кейін Альвареспен кездесу күтіп тұр. Бұл екеуінің қай жеңгені Головкинмен жұдырықтасады деп ойлаймын. Осынау кездесулерден кейін Котто кәсіпқой бокспен қош айтысады" дейді Фроч.

Айта кетейік, Геннадий Головкин шаршы алаңға қыркүйек айында шығуды жоспарлап отыр. Әзірге оның қарсыласы анықталған жоқ.

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или