«Қайраттың» капитаны қазақстандық алаңдарды сынға алды

«Қайраттың» капитаны қазақстандық алаңдарды сынға алды

«Қайраттың» жаңа капитаны Рикарду Алвеш ресейлік sports.ru порталына берген сұхбатында қазақстандық алаңдарды сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Негізінен Қазақстандағы стадиондар аса жақсы емес. Бізде және «Астанада» тамаша алаңдар мен стадиондар бар. Сондай-ақ «Ақтөбенің» стадионы өте жақсы. Сондай-ақ оларда матч кезінде атмосферасы керемет. Қалған стадиондардың сапасы онша емес. Әсіресе Оралда ойнау қорқынышты, сұмдық синтетикалық алаң бар. Менің ойымша, ҚКФЛ «Ақжайықты» мұндай сұмдық алаңда ойнатпауы керек. Жақында біз Таразда ойнадық, мұндай алаңда қалай футбол ойнайтынын түсінбеймін. Мұның бәрі ойыншылардың денсаулығына әсер етеді, мұндай алаңда жарақат алу өте оңай. Біреулер мұндай алаңда күн сайын жаттығатынын елестете алмаймын. Алаң сапасы нашар болуы ойыншыларға көмектеспейді», – деді «Қайраттың» жартылай қорғаушысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или