Дмитрий Попко мансабында алғаш рет Челленджер сериясы турнирінде чемпион атанды

Дмитрий Попко мансабында алғаш рет Челленджер сериясы турнирінде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко түрік Алтуг Челикбілекпен бірге Малагада (Испания) өткен турнирдің жұптық сынында кубок жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Челленджердің финалында қазақ-түрік дуэтіне израильдік Даниэль Цукерман мен эквадорлық Эмилио Гомес Гомес жұбы қарсы ойнады.

Бірінші сетте Попконың дуэті тай-брейкте 6:7 есебімен жеңілгенімен, кейінгі сеттерде 6:4, 10:6 есебімен ұтты.

Матч үш жарым сағатқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или