Головкин «Канелоны» мықты қарсылас емес екенін айтты

Головкин «Канелоны» мықты қарсылас емес екенін айтты

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 17 қыркүйекте үшінші рет жұдырықтасатын Сауль «Канело» Альваресті мансабындағы ең мықты қарсылас деп есептемейді.

«Менің қарсыластарым арасында чемпиондар да, міндетті үміткерлер де болды. «Канелоны» олардың ең үздігі деп айтпас едім. Әрине, ол алдыңғы қатардағы және айтарлықтай мықты қарсылас, дегенмен өздеріңіз көріп отырғандай, ол да жеңілді...

Әуесқой бокста кәсіпқой боксқа өтпеген бірнеше қарсыласым болды. Олардың дағдысы мен әдіс-айласы ақылға сыймайтын. Үш раундта сенің бүкіл стиліңді түсініп, жеңіске ешқандай мүмкіндік қалдырмайтындай айқасатын», - деді 40 жастағы Геннадий.

Еске салайық, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен «Канело» кездесуі тең аяқталды. Бір жылдан кейін, яғни 2018 жылдың қыркүйегінде С.Альварес төрешілер шешімімен Қазақстан спортшысын жеңді.һ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или