Александр Бублик Уимблдонда жеке рекордын жасай алмады

Александр Бублик Уимблдонда жеке рекордын жасай алмады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Фрэнсис Тиафодан төрт сетте жеңілді - 6:3, 6:7 (1:7), 6:7 (3-7), 4:6. 

Бублик АТР рейтингінде 38-орында тұрса, Тиафо - 28-сатыда.

Осылайша, Бублик қатарынан екінші жыл Уимблдонның үшінші айналымында жеңіліп отыр. Теннисші турнирдің төртінші айналымына шығып көрмеген. 

Еске салайық, екінші айналымда Бублик серб Душан Лайовичтен басым түскен еді - 7:6, 6:2, 7:5.

Фото: IMAGO / Mathias Schulz / imago-images.de / Global Look Press

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или