Қазақстандық жас теннисші Уимблдон жарысын жеңіспен бастады
Қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 18 жасқа дейінгілер арасында әлемнің 92-ракеткасы С.Кенжебаева алғашқы айналымда ITF Juniors рейтингісінде 447-орында тұрған ұлыбританиялық Руби Куллингпен шеберлік байқасты.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған аса тартысты матчта Сандуғаш 6:7 (5:7), 6:3, 10:7 есебімен жеңіске жетті.
Ертең, 1 шілде күні С.Кенжебаева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 85-ракеткасы, нидерландылық Исис ван ден Брейкпен кортқа шығады.
Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова Уимблдон жасөспірімдер додасында ұлыбританиялық София Джонсонға жол берді – 5:7, 2:6.