Қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның іріктеуінде финалға шықты

Қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның іріктеуінде финалға шықты

18 жасқа дейінгі теннисшілер рейтингінде 145-орында тұрған қазақстандық Жанель Рүстемова жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның іріктеуіндегі алғашқы кезеңде турнирге 11-нөмірмен тіркелген үндістандық Шрути Ахлаватты сенімді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ<span> </span>баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу уақыты бір сағатқа да жеткен жоқ. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен оңай жеңді. 

Енді 1 шілдеде ол іріктеудің финалында әлемнің 78-ракеткасы словениялық <span>Эланалия Миличпен кездеседі. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или