Головкин: Сіздерге ұнауы үшін бәрін жасаймыз

Головкин: Сіздерге ұнауы үшін бәрін жасаймыз

BA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек қарсаңында жанкүйерлеріне үндеу жолдады. Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне керемет шоу көрсетуге уәде берген.

"Барша бокс жанкүйеріне, осы жекпе-жекті күтіп, уайымдап, мені қолдайтын барлық жанға алғыс айтқым келеді. Мен өз тарапымнан бұл шынымен де керемет бокс кеші, қазіргі кездегі ең үлкен жекпе-жек және керемет шоу болатынына кепілдік бере аламын. Сіздерге ұнауы үшін бәрін жасаймыз", – деді GGG Instagram-да жарияланған видеода.

Қазақстандық спортшы бейнежазбасына үш тілде сипаттама жазған: "Very grateful for all your support! Барша қолдауларыңызға мың алғыс! Благодарен за всю вашу поддержку!"

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или