«Канело» Головкинмен үшінші айқасына болжам жасады
<span>Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы және «pound-for-pound» рейтингісінің бұрынғы көшбасшысы мексикалық Сауль Альварес 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы нокаутпен аяқталады деп есептейді. </span>
<span>«Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин – керемет және қауіпті қарсылас. Бірақ, мен нокаутқа жіберемін деп ойлаймын, оған еш күмән жоқ. Оған ынтам зор. Рингіге оралатын күнді асыға күтіп жүрмін. Бар күшімді салып жаттығып жатырмын. Нокаут – бұл айқастың жалғыз мүмкін нәтижесі», - деді Сауль Альварес журналистермен кездесуде.</span>
<span> Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталды. Рематч 2018 жылы болды және онда Альварес төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті.</span>