Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Таиландта өтеді

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Таиландта өтеді

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына спортшыларды іріктеу шілде айында өткізіледі, деп хабарлайды BNews.kz. Непалдағы жойқын зілзаладан кейін Азия біріншілігін Таиландта өткізу туралы шешім қабылданды.

«О баста біз құрлықтық біріншілікке қатысатын ауыр атлеттерді іріктеуді Анатолий Храпатый атындағы республикалық турнир барысында өткізуді жоспарлағанбыз. Алайда жарыстың алдында Азия чемпионатының қыркүйек айына ауыстырылғаны белгілі болды, сондықтан қазір спортшыларды іріктеудің еш мәні жоқ», - деп атап өтті ауыр атлетикадан құраманың бас бапкері Алексей Ни.

Сондай-ақ Алексей Нидің айтуынша, жазда спортшылар екі топқа бөлінеді, атлеттердің кейбірі Азия чемпионатына дайындалса, енді бірі әлем біріншілігінде бағын сынау үшін жаттығады. Дегенмен қос додаға да қатысатын спортшылар болып қалуы мүмкін.

Естеріңізге салып өтсек, ауыр атлетикадан Азия чемпионатын 23 мен 30 шілде аралығында Катмандуда (Непалда) өткізу жоспарланған еді. Алайда Непалдағы жойқын жер сілкінісінен кейін құрлықтық біріншілікті басқа елге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұған қоса, чемпионаттың өту күндері де өзгерді, енді байрақты бәсеке Таиландта 3 мен 12 қыркүйек аралығында өтеді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или