Қазақтандық теннисші Сербиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Сербияда Прокупле ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың бірінші ракеткалары Ж.Құламбаева мен үндістандық Пратхан Тхомбаре финалда испаниялық Лейре Ромеро - хорватиялық Тара Вюртпен ойнауы керек еді.
Алайда Тара жарақат алып, кортқа шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық-үндістандық жұпқа берілді.
Осылайша, Жібек Құламбаева биылғы маусымда ITF додаларындағы үшінші, барлығы 17-інші титулына қол жеткізді. Сонымен қатар ол жекелей сында екі рет чемпион атанған еді.
Алдағы аптада Жібек Нидерландыда Ден Хааг қаласында өтетін ITF W25 турнирінде бақ сынайды.