Күрес

Қазақстандық спортшы құрлықтық додада финалға шығып, жүлдесіз қалды

Қазақстандық спортшы құрлықтық додада финалға шығып, жүлдесіз қалды

Қазақстандық Асхаб Хаджиев лас әрекеті үшін жарыстан шеттелтілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Дәл қазір Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен құрлықтық дода өтіп жатыр. 17 жасқа дейінгілер бәсекесінде қазақстандық Асхаб Хаджиев барлық қарсыласын ұтып, шешуші сында үндістандық Парвиндер Сингхпен жолыққан. Парвиндер айқын басымдық танытып, жекпе-жек соңына дейін 5 ұпай жинап үлгерді. Кездесудің аяқталуына бірер секунд қалғанда жерлесіміз ашуға булығып, күресті төбелеске айналдырды. Нәтижесінде төреші оны жарыстан толық шеттетті. Енді оның бозкілемге қашан оралатыны белгісіз. Белгілісі алдағы әлем чемпионатына қатыспайды. Бұл жөнінде ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Дәулет Ниязбеков мәлімдеді.

Бұған қоса, Асхабтың кесірінен Қазақстан күрес федерациясы да енді үлкен көлемдегі айыппұл арқалауы мүмкін. 

Айта кетейік, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты 27 маусымға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0