Майк Тайсон өз лигасын құруға шешім қабылдады

Майк Тайсон өз лигасын құруға шешім қабылдады

Бокстан ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон тек блогерлер бақ сынайтын өзінің бокс лигасын құрғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен YouTube-те бокс лигасын құрамын және блогерлердің барлығын соған шақырамын», - деді Тайсон Джимми Киммел шоуында. «Ол жерде олар бір-бірімен соғысады. Сірә, мен де сонда өнер көрсетемін. Мен YouTube чемпионы боламын деп ойлаймын».

55 жастағы Тайсон 2005 жылы Кевин Макбрайдтан алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілген соң бокстан кеткен болатын. Соңғы рет 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек тең аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или