Мемлекет басшысы грек-рим күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

Мемлекет басшысы грек-рим күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

<span>Мемлекет басшысы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. </span>

<span>Кездесу барысында Дәулет Тұрлыханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа федерацияның бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, Дене шынықтыру және спорт саласын өркендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ балуандардың 2024 жылы өтетін Жазғы олимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндады.</span>

<span>Сонымен қатар кездесуде жастардың өзекті мәселелеріне, соның ішінде оларды бұқаралық спорт түрлеріне тартуға, өңірлерде спорт инфрақұрылымдарын дамытуға баса мән берілді. </span>

<span>Осы ретте Мемлекет басшысы аймақтарда жазғы және қысқы спорт түрлерін ілгерілету жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или