Зарина Дияс маусымды мерзімінен бұрын аяқтауды ұйғарды
Қазақстандық Зарина Дияс жарақатына байланысты маусымның ерте аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен өзімнің сүйікті Уимблдонға, сондай-ақ осы жылы өтетін барлық турнирлерге денсаулығыма байланысты қатыса алмаймын. Әрине, оңай емес. Бірақ басқа амал жоқ. Қайта қалып келу процесін бастап, 2023 жылы мықты болып оралуым керек.
Соңғы айларда қиындықтарды жеңу, мезі болған жарақатқа қарамай жаттығу физикалық және психикалық тұрғыдан өте қиын болды. Қазір денсаулығыма, өзіме көңіл бөліп, жаңа маусымға тезірек дайындала бастайтын уақыт. Жақында мен турға ораламын және жеңістеріммен қуантуға тырысамын. Маған деген қолдау, сүйіспеншілік пен сенім үшін рахмет», – деді Дияс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или