Иван Дычко шаршы алаңға оралады

Иван Дычко шаршы алаңға оралады

Осы аптада аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Бокс кеші Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында болады. Ал оның қарсыласы жергілікті Кевин Николас Эспиндола. Ол бүгінге дейін 10 кездесу өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жеткен. Ал Дычконың көрсеткіші 11 жекпе-жек, 11 жеңіс және барлығы да нокаутпен аяқталды. Алдағы жекпе-жек 10 раундқа есепттелген және жерлесіміз үшін жаңа промоутерлік компания қанатының астындағы алғашқы кездесу болмақ.

Айта кетейік, Дычко ең соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында жұдырықтасты. Елордада тәуелсіздік күні қарсаңында ресейлік Александр Устиновты нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или