Григорий Ломакин Миланда жарыстың бірінші ракеткасын жеңді
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Милан челенджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>Ломакин украиналық Владислав Манафовпен бірге бастапқы кездесуін жарыстың бірінші ракеткалары, америкалықтар Натаниэль Лэммонс – Джексон Уитроумен өткізді. Қазақстандық-украиналық жұп бірінші партияда тартысты тай-брейкте ғана есе жіберді – 6:7 (10:12). Есесіне екінші сетте қарымта қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Ломакин мен Манафов 2:7 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды – 10:8. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матч барысында қазақстандық-украиналық жұп 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін өз есептеріне жазды. Олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Америкалық жұп биылғы жыл басында елордада өткен ATP Forte Challenger 125 жарысында чемпион атанған болатын.</span>