Тәжікстандағы турнирде. қазақстандық волейболшылар жеңіске жетті

Тәжікстандағы турнирде. қазақстандық волейболшылар жеңіске жетті

Душанбеде өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы турнирде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

15-20 маусым аралығында Душанбеде волейболдан 23 жасқа дейінгі ұлдар арасында халықаралық турнир өтті.

Чемпионатқа Өзбекстан, Қазақстан және Тәжікстаннан 3 команда қатысты.

Жарыс шеңберлік жүйе бойынша екі айналымда өтті, командалар екі ойында өзара ойнады. Қазақстандық команда Өзбекстанды екі рет 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Волейболшыларымыз алдымен алаң иелерін ұтқанымен (3:2), екінші кездесуде тәжікстандық команда есесін қайтарып алды (2:3).

Соңғы кездесудегі сәтсіздікке қарамастан, біздің спортшылар ең жақсы матчтық коэффициент бойынша қарсыластарын басып озып, бірінші орынға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или