WBO рейтингісі: Головкин мен Әлімханұлының орны өзгерді

WBO рейтингісі: Головкин мен Әлімханұлының орны өзгерді

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңа рейтингісі жарияланды, деп жазады Prosports.kz.

VRINGe.com интернет-басылымы жаңа рейтинг жайлы толық ақпарат берді.

Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орнында мынадай өзгерістер болды:

Екінші орта салмақ (76,2 келіге дейін)

— Геннадий Головкин үздік топ-15-ке еніп, 2-орынға жайғасты.

Орта салмақ (72,6 кг дейін)

— Бұған дейін 2-орында болған Жәнібек Әлімханұлы топ-15-тен шықты (осы нұсқада «уақытша» чемпион атануына байланысты);
— Мейірім Нұрсұлтанов 12-орыннан 6-сатыға көтерілді.

Екінші жартылай жеңіл салмақ (59 кг дейін)

— Сұлтан Зәуірбек 14-орыннан 13-орынға көтерілді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или