«Қайрат» «Таразды» жеңді

«Қайрат» «Таразды» жеңді

Ел чемпионатының 14-ші турында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Таразды» қабылдап, жеңіске жетті деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы тайм бастау алысымен алаң иелері шабуылға кірісті. 18-ші минутта Исаэль айып алаңынан қақпаға қарай соққы бағыттады. Алайда, қиыс кетті.

21-ші минутта Бауыржан Исламхан айып соққысын орындады. Алыстан бағытталған жойқын соққыны Григоренко қайтара білді.

43-ші минутта оң қапталдан асырылған пасқа Риера аяғын тосып үлгерген еді, бірақ «Тараз» қорғаушылары қорғаныста керемет ойнап, шабуылды дер кезінде тоқтатты.

52-ші минутта Михаил Бакаев өз бабын сынап көру мақсатында алыстан соққы бағыттап көрді. Алайда тепкен добы қақпадан сәл ғана биік кетті.

54-ші минутта Плиев сол қапталдан шабуылға араласып, Жерар Гоуға пас асырды. Гоу допқа жанасқанымен, соққы әлсіз шықты.

Матчтың 64-ші минутында тараздықтар алғашқы қауіпті сәтті ұйымдастырды. Тимур Досмағамбетов алматылықтардың қорғанысын бұзып жарып, қақпаның жақын бұрышына соққы бағыттады. Бірақ Плотников бұл жерде шеберлік танытты.

70-ші минутта Исаэльдің бағыттаған соққысы қақпа бағанасынан кері серпілді. Осыдан соң алматылықтар қарқынын жоғалтпады, серпілген допқа Исламхан бұрын жетіп, сол қапталдан командаластарына пас шығарды. Жерар Гоу басын тосып, есепті ашты.

81-ші минутта Жамбыл Көкеев қақпашымен жеке дара шығып, айласын асыра алмады.

Алматылықтар есепте алда тұрса да шабуылын үдете түсті. 83-ші минутта Исаэль алыс бұрышқа допты бағыттаған еді, сәл ғана қиыс кетті.

Арада бір минут уақыт өткенде Жерар Гоу есепті еселеді. Ивуарлық ойыншы осы маусымдағы 14-ші голын соқты.

«Қайрат» - «Тараз» 2:0 (0:0)

Голдар: Гоу 70 (1:0), Гоу 83 (2:0)

«Қайрат»: Плотников, Маркович, Лунин, Плиев, Бакаев, Гурман, Советов (Рудосельский 77), Исламхан, Исаэль (Дарабаев 89), Риера (Көкеев 67), Гоу

«Тараз»: Григоренко, Аверченко, Мера, Воротников, Евстигнеев, Тоғызбай, Мухутдионв, Сергиенко (Қожамберді 71), Досмағамбетов, Голич (Пищур 78), Яровенко (Жұмаханов 61)

Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Дмитрий Будниченко (Екібастұз), Серік Жаппасбаев (Қызылорда)

Қосымша төреші: Александр Павлов (Алматы)

Ескертулер: Досмағамбетов 43, Гоу 58, Маркович 74

29.05.2015. Алматы, «Орталық стадион».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или