«Елорда Кубогы» турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

«Елорда Кубогы» турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Бокстан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет өтетін «Елорда кубогы» халықаралық турниріне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты фадерация сайтына сілтеме жасап.

Қайрат Сәтжанов шәкірттері жаттығу жиыны аясында Жапония және Қырғызстан құрамасымен бірге дайындалды.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылып жатқан турнирге 10 елдің құрамасы қатысады. Бұл қатарда Куба, Үндістан, Жапония, Өзбекстан мен өзге елдер бар. Ал жарыс қожайынын Қазақстан барлығы 3 жарым құрам қосады - бұл шамамен 45 былғары қолғап шебері. Ел атынан әлем, Азия және Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді.

Бұл бәсеке қорытындысы бойынша биыл қазан-қараша айында өтетін бокстан Азия чемпионатына аттанатын біздің құрама іріктеледі.

Бокстан Қазақстан құрамасының құрамы:

<span>Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Мәди Әміров, Тимур Нұрсейітов, Дамир Тойбай, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Сәкен Бибосынов, Нұрлан Сапарбай, Сағындық Тоғамбай, Абзал Құттыбеков, Асланбек Шымбергенов, Дулат Бекбауов, Бейбарыс Жексен, Елнұр Сүйінбай, Махмұд Сабырхан, Абзал Серік, Саматәлі Төлтаев, Санатәлі Төлтаев, Ермахан Жакпеков, Әділет Құрметов, Ерасыл Жакпеков, Теміртас Жүсіпов, Оразбек Асылқұлов, Сұлтан Мусинов, Серік Теміржанов, Аятулла Такижанов, Бауыржан Байгошеков, Қуан Қуатов, Дамир Әбдіқадыр, Бақтияр Смағұлов, Дархан Дүйсебай, Жәнібек Қартбаев, Даниял Сәбит, Нұрсұлтан Нуриденов, Сабыржан Аккалыков, Василий Самчук, Нұрқанат Райыс, Олжас Байниязов, Нұрсұлтан Алтынбеков.</span>

Бас бапкер – Қайрат Сатжанов.

Нүркен Аңдасов – аға бапкер.

Бапкер – Асқар Еркебаев, Ғайни Ашкеев, Мақсат Бақтыбазаров, Талғатбек Жакпеков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или