Александр Бублик Истбурн турнирінің екінші айналымына шықты

Александр Бублик Истбурн турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) АТР 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы бәсекесін әлемнің 28-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен өткізді. Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, онда америкалық спортшының мерейі үстем болған еді. Бұл жолы бірінші партияда Ф.Тиафо басымдылық танытты – 7:5. Екінші сетте Александр тай-брейкте сәтті өнер көрсетті – 7:6 (7:4). Ал үшінші, шешуші парияда қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Бір сағат 50 минутқа созылған матч барысында қазақстандық теннисші 17 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

Бублик екінші айналымда әлемнің 86-ракеткасы, Astana Open 2020 жарысының чемпионы, аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или