Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.<br /><br /><span>Әлемнің 160-ракеткасы Михаил іріктеу додасының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 173-орында тұрған италиялық Лоренцо Джустиномен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, онда Михаил басым түскен еді. Бұл жолы небәрі 52 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында төрт брейк жасай білді. Іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін Кукушкин әлемнің 230-ракеткасы, германиялық Филипп Кольшрайбермен кездеседі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или