Алекса Аманович: Үзілістен кейінгі ойындар әрқашан қиынға түседі
«Тобыл» қорғаушысы Оlimpbet-чемпионаттың 14-турындағы «Каспиймен» (1:0) өткен матчтан кейін пікірімен бөлісті.
- Ойын өте қиынға түсті. «Каспий» – чемпионаттағы шабуылда көбірек ойнайтын команда, бірақ біз кездесу ырғағын бақылауда ұстадық. Өкінішке қарай, гол соғатын көптеген сәтті жіберіп алдық, әсіресе бірінші таймда мүмкіндіктер жеткілікті еді. Ең бастысы, біз үш ұпай жинадық. Үзілістен кейінгі ойындар әрдайым қиынға түсетінін атап өткім келеді, сондықтан бұл жеңіс біз үшін өте маңызды. Бізде қонақтағы ойындармен байланысты көптеген проблемалар бар, егер чемпионаттың бірінші орны үшін қайтадан күрескіміз келсе, осы олқылықты түзетуіміз керек.
Бізді әрдайым қолдайтын жанкүйерлерімізге ерекше алғыс айтқым келеді. Жеңіс құтты болсын, Қостанай!