Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары анықталды

Қазақстандық теннисшілер бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде өз көрсеткіштерін жақсартты.

<span>Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің үздік қырық теннисшісінің қатарында, 39-орында тұр.</span>

<span> Михаил Кукушкин 160-ыншы, Тимофей Скатов 225-інші, Денис Евсеев 347-сатыға көтерілді. Ал Дмитрий Попко 198, Бейбіт Жукаев 489-ға сырғыды. Жұптық сында Андрей Голубев 39-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 231-орында келеді. </span>

<span>Әйелдер арасында Елена Рыбакина 21-інші, Юлия Путинцева 33-орнын сақтап қалса, Зарина Дияс 200 теннисшінің соңында тұр. Жұптық сында Анна Данилина 22-інші, Жібек Құламбаева 273-сатыға жайғасса, Гөзал Айнитдинова 427-ден 434-ке төмендеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или