Ресейлік теннисші Уимблдон турниріне қатысу үшін азаматтығын өзгертті
Сәуір айында Уимблдон ұйымдастырушылары Ресей мен Беларусь спортшыларына Украинадағы әскери операцияға байланысты турнирге қатысуға тыйым салған болатын. Аталған турнирге қатысу үшін ресейлік теннисші Натела Дзаламидзе азаматтығын ауыстырды. Енді әлемнің 44-ракеткасы Грузияның намысын қорғайды, деп хабарлайды dw.com.
Натела Дзаламидзенің Грузия атынан сынға түсуіне байланысты жарыс ұйымдастырушылары пікір білдірді.
"Кәсіби жарыстарда спортшылардың азаматтығын айқындайтын ту WTF пен ITF-мен келісіледі (Халықаралық теннис федерациясы)", - дейді Уимблдон ұйымдастырушылар.
27 маусым мен 10 шілде аралығында өтетін Үлкен Дулыға турнирінде Натела Дзаламидзе жұптық сында сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Украинадағы әскери операцияға байланысты Ресей және Беларусь спортшылары Ұлыбритания аумағындағы басқа да теннис жарыстарына қатыса алмайды.