Ресми: Усик – Джошуа реваншы өтетін күн мен орын белгілі болды
Ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпионы, украиналық Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа реваншы өтетін нақты уақыт жарияланды, деп жазады Prosports.kz.
Жекпе-жек 20 тамызда Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтеді. Бұл ақпаратты Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми түрде растады.
Кездесу әу бастад 23 шілдеге жоспарланған болатын, бірақ Джошуа жаңа жаттықтырушы Роберт Гарсиямен жұмыс істеу үшін қосымша 30 күн мұрсат алды.
Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Лондонда өткен қос боксшы арасындағы алғашқы кездесуде Усик Джошуаны төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или