APB жобасының екінші кезеңінде үш боксшымыз бақ сынайды

APB жобасының екінші кезеңінде үш боксшымыз бақ сынайды

Бокстан AIBA алғаш рет өткізген APB жобасының екінші кезеңі бірер күннен кейін басталып, үш боксшымыз шаршы алаңға шығады.

APB (AIBA Pro Boxing) жобасының екінші кезеңінде біздің елдің үш боксшысы бақ сынайтын болды. Енді біреуі, яғни Берік Әбдірахманов (60 келі) финалда кездесетін қарсыласын тосады.

Біржан Жақыпов 49 келі салмақ дәрежесінде бақ сынауын одан әрі жалғастырып, Рио Олимпиадасына жолдама алуға тырысады. Ол бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша осы салмақта екінші нөмірлі болып тіркеліпті. Біржан бірінші кезеңде төрт кездесу өткізіп, соның үшеуінде жеңіске жеткен болатын. Енді рейтингтегі үшінші нөмірлі боксшымен, яғни филиппиндік Антонио Барригамен кездеседі.

AIBA Pro Boxing жобасының ресми сайтындағы дерекке сенсек, бұл жекпе-жек 29-30 мамыр күндері өтуі керек-ті. Бірақ сәл кейінірек, шамамен 5-6 маусым күндері өтетін сияқты.

Бұл салмақтағы екінші електік жұпта Жун Лин Ву (Қытай) және Чагас Валерио Лоуренси (Бразилия) кездеседі. Осы екі жұпта жеңіске жеткен боксшылар 10-11 шілде күндері айқасып, финалда бақ сынау құқығына таласады. Осы жекпе-жекте жеңгені 11-12 қыркүйекте бірінші кезеңде жеңімпаз атанған Лю Бинмен (Қытай) жұдырық түйістіреді.

Ілияс Сүлейменов 52 келі салмақ дәрежесінің бірінші кезеңдегі қорытындысында үшінші нөмірлі болыпты. Енді осы салмақтың рейтінгісіндегі екінші нөмірлі өзбек өрені Жасурбек Латиповпен кездеседі (шамамен 5-6 маусымда).

Екінші жұпта Элиас Эмигдио (Мексика) және Фернандо Мартинес (Аргентина) айқасады. Екі жұптың жеңімпазы 10-11 шілдеде шайқасып, финалда Миша Алоянның (Ресей) чемпиондық атағы мен белбеуін тартып алуға тырысады.

Антон Пинчук те 91 келі салмақ дәрежесіндегі рейтингте үшінші нөмірлі болып тіркелген. Енді ол екінші нөмірлі Алжир алыбы Чуаиб Булудинатспен айқасады (шамамен 5-6 маусымда). Екінші жұпта Клементе Руссо (Италия) және Роман Головащенко (Украина) кездеседі. Осы екі жұптың жеңімпазы шілденің ортасына таман кездесіп, финалда ресейлік Алексей Егоровтың атағы мен белбеуін сарапқа салады.

«Алаш айнасы» сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или