Головкин мен «Канело» трилогиясы алдындағы баспасөз мәслихаттары қашан өтеді?
<span>Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегі алдындағы баспасөз мәслихаты қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Boxinginsider.com сайтына сілтеме жасап.</span>
Дереккөздің хабарлауынша, бірінші баспасөз конференциясы 24 маусымда Лос-Анджелесте, екіншісі 27 маусымда Нью-Йоркте өтеді.
«Головкин бұрынғыдай жекпе-жек өткізбей, қартайып келе жатқанымен, бұл жекпе-жектің жарнамасы көп болатыны сөзсіз. Шынында да, «Канелоның» аса талантты Биволдан жеңілуі Головкинмен үшінші жекпе-жекке деген қызығушылық артуына әкелуі мүмкін. Оның үстіне, жылдар бойы Даңқ залының екі болашақ екі мүшесі арасында нағыз дұшпандық болды. Олар бір-бірін ұнатпайды», - дейді дереккөз.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, тең есеппен аяқталған. Ал екінші кездесуде «Канело» жеңген болатын. Үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді.