Евсеев АҚШ-тағы жарыстың 1/2 финалына өтті
Қазақстандық Денис Евсеев Канзас штатындағы Уичито қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына өтті.
Жарыстың бірінші ракеткасы Д.Евсеев ширек финалда отандасы Бейбіт Жукаевпен сынға түсті.
Бірінші партияда тай-брейкте 21 жастағы Б.Жукаев әбжілдік танытты – 7:6 (7:1).
Екіншісінде Д.Евсеев есе қайырды – 6:3.
Үшінші, шешуші партияда Денис тәжірибесі мен шеберлігінің басым екендігін байқатты – 6:2.
Қазақстандық қос теннисші арасында тартысты өткен матч 2 сағат 24 минутқа созылды.
Д.Евсеев финалға шығу үшін франциялық Клеман Шидехпен таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или