Аргентина, Уругвай, Парагвай мен Чили 2030 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға ұсыныс жасамақ
Аргентина, Уругвай, Парагвай мен Чили өкілдері футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын қабылдау ұсынысын талқылау үшін кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Матч тв сайтына сілтеме жасап.
Парагвай астанасы Асунсьон қаласында Оңтүстік Американың төрт елінің өкілдері кездескен. Төрт ел бірігіп 2030 жылғы әлем чемпионатын қабылдамақ. Бұл ұсыныстың басты идеясы - турнирдің 100 жылдық мерейтойында «мундиальді» Оңтүстік Америкаға әкелу. Еске салайық, 1930 жылы Уругвайда футболдан алғашқы әлем чемпионаты өткен.
Қазіргі уақытта 2030 жылғы ӘЧ-ні қабылдауға Испания мен Португалия бірлесіп ұсыныс жасаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или