АҚШ-тағы турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
<span>Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев жекелей сында АҚШ-тың Канзас штаты Уичито қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына шықты. </span>
<span>Осы жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев екінші айналымда америкалық Райан Шейнмен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 25 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен ұтты. </span>
<span>Доданың алтыншы ракеткасы Д.Евсеев тағы бір америкалық Ноа Шахтердан айласын асырды – 6:4, 6:2. Енді Д.Евсеев пен Б.Жукаев ширек финалда өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға шығады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или